Әкім отбасымен бірге сайлауға келді
Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына отбасымен бірге келіп, таңдау жасады.
Аудан басшысы өзі тіркелген Аса ауылындағы 2910 сайлаушысы бар №166 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Жамбыл ауданынан 35 сайлау учаскесі өз жұмысын Әнұранмен бастап, таңғы 07:00 есігін ашты. Өңірде 52080 сайлаушы тіркелген.