Сайлаушылар лег-легімен ағылуда
Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы біздің өңірде жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұлай дейтініміз, ел тағдырына алаңдайтын, өскелең ұрпақтың қамын ойлайтын, болашақты бағдарлай білетін Жамбыл жұрты, оның ішінде Аса ауылының тұрғындары белсенділік танытуда.
Жас жұбайлар балаларымен бірге, ата-әжелер немерелерімен, бір сөзбен айтқанда, ел-жұрт осы сайлауға отбасымен бірге келіп, таңдауын жасап, дауыс беріп жатыр. Бұл Аса ауылындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №167 сайлау учаскесіндегі көрініс.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Жансая Оспанованың айтуынша, дәл қазіргі уақытта жалпы саны 2814 сайлаушының 995-і дауыс берген. Жағдай қалыпты. Тәртіп бұзушылық тіркелмеген.