2887 сайлаушы дауыс беріп үлгерді

Сайлаушылардың тең жартысы дауыс берді
Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы біздің өңірде, оның ішінде Аса ауылында жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Ел тағдырына алаңдайтын, өскелең ұрпақтың қамын ойлайтын, болашақты бағдарлай білетін ауыл тұрғындары белсенділік танытуда.

Түске дейінгі уақыт аралығында ауылдағы сайлаушылардың тең жартысы дауыс берген. Мәселен, дәл қазіргі уақытта Аса ауылындағы №166 сайлау учаскесінде тіркеуде тұрған 2910 сайлаушының 998-і, №167 сайлау учаскесінде тіркеуде тұрған 2814 сайлаушының 1115-і, №168 сайлау учаскесінде тіркеуде тұрған 2403 сайлаушының 774-і дауыс беріп үлгерген. Сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты. Тәртіп бұзушылық тіркелмеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.