Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы Аса ауылында жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын жергілікті жұртшылық сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруде. Бұл ретте, ерекше жандар да сайлаудан тыс қалмағанын айта кеткен жөн. Өзіндік азаматтық позициясын білдіріп, таңдауын жасады.
Атап айтқанда, жалпы саны 117 ерекше жан, оның ішінде 111-і Аса ауылындағы №166, №167, №168 сайлау учаскелеріне келіп дауыс берсе, 7 азамат үйінде отырып сайлауға үн қосты.