Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тқрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.
Парақорлықтың жолын кесу бойынша Жамбыл аудандық ХҚКО-да жиын өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін және атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы әлеуметтік кесел парақорлықтың алдын алу. Парақорлық – бүгінгі күннің басты талабы екені де аталып өтті.
Жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылып жатқан барлық республикалық акциялардың маңыздылығын тілге дәйек етіп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Іңкар Сүлеймен, Жамбыл аудандық ХҚКО жетекші маманы