70 мың доллар: Шымкенттің экс-әкімі шуға қатысты пікір білдірді

Актриса Динара Әлжанның сұхбатынан кейін Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желіге жазба қалдырды.

«Шындық шырылдап жетемін дегенше,
Өтірік талай жерді өртейді» – деп жазды экс-әкім.

Естеріңізге сала кетсек, Динара Әлжан Youtube-тегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында сұхбат берді. Әңгіме барысында ол Шымкенттегі тойлардың бірінде Әбдірахымовпен танысып, би билегенін айтқан. Динара Әлжан экс-әкім оған үй сатып алуға 70 мың доллар және 20 мың доллар тұратын сырға сыйлағанын мәлімдеді.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.