Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюпов қамалды

Түркістанның экс-әкімі Рашид Аюпов уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өкілдері Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюповтың елорданың тергеу изоляторында қамауда отырғаны туралы ақпаратты растады.

«Аюпов Р.А. 2022 жылғы 17 қазаннан бастап Астана бойынша ҚАЖ департаментінің №64 аралас күзет мекемесінде (СИЗО) ұсталды. Қазір Аюпов Р.А.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігі, 312-бабының 5-бөлігі «Пара беру» бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр»,- делінген ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі.

«Сондай-ақ, олардың мекеме кітапханасынан кітаптар алуға, заңгерлермен, қоғамдық қорғаушылармен және туыстарымен кездесуге мүмкіндіктері бар», — дейді министрліктегілер.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.