31 наурызда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жұмыс органдары басшылық құрамының кеңейтілген отырысы өтіп, онда ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов баяндама жасады, деп хабарлайды ҰҚШҰ ресми сайтына сілтеме жасаған asaaqprat.kz.
Отырыста Тасмағамбетов ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы және іргелес өңірлердегі қалыптасып отырған геосаяси жағдайға егжей-тегжейлі баға берді. Сондай-ақ ол аталған аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Ұйымның бас хатшысы қазіргі халықаралық жағдай жаһандық және аймақтық қайшылықтардың күшеюіне әсер ететінін атап өтті.
«Украинадағы жағдайды одан әрі ушықтыру жалғасуда. Ұрыс аймағына қауіпті қару түрлерін жаппай жеткізу келіссөздер арқылы қақтығысты тоқтатудың мәні жоқ екенін айғақтайды», — деді ҰҚШҰ бас хатшысы. Ол қақтығыстарды қоздыру бүкіл еуропалық және жаһандық қауіпсіздік жүйесіне зиян келтіруі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ ол қазіргі кезде Орталық Азия аймағында экстремизм мен терроризм қаупі қалыптасқанын жеткізді. топтардың ҰҚШҰ одақтастарының аумағына кіру қаупі артып келеді. Ауғанстан аумағынан келетін қауіп ерекше алаңдатуда», — деді Тасмағамбетов. Тасмағамбетов сөз соңында бұл мәселенің барлығы ҰҚШҰ басшылығының назарында болатынын атап өтті. Отырыс нәтижесінде жарғылық органдардың алдағы сессияаралық отырыстарына дайындық, сондай-ақ ұйымның бірлескен оқу-жаттығулары мен іс-шараларына қатысты міндеттерге баса назар аударылды.