Қазақстандық БАҚ-та Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал Серік Құдебаевтың елден қашқаны туралы ақпарат тарады.
Бұған дейін генерал Серік Күдебаевтың сот отырысына бірнеше рет келмегені үшін сәуірдің 3-і күні сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетіні хабарланған болатын.
Айыптаушы тарап Алматы облыстық полициясының бұрынғы басшысын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Еске салайық, Серік Күдебаев Қазақстандағы ең танымал полиция басшыларының бірі болған. Ол 2020 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Күдебаев 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.