Тұрғындар мәселесі назардан тыс қалмайды
🔰 Биылғы жылдың 3 айында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков 16 жеке қабылдау өткізіп, 148 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаған.
Қабылдауда көтерілген сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын үй, жер, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, жол салу, ауыз су құбырын ауыстыру, көшені сыртқы жарықтандыру, қоғамдық көлік мәселесі, балалар ойын алаңшасын салу, көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуден өткізу мәселелері.
🔷 Аталған мәселелер бойынша жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне заң аясында жауаптары жолданып, түсініктемелер берілуде.
🔷 Қабылдау қорытындысы бойынша оң шешім тапқан кейбір мәселелерге тоқталсақ;
1. «Шалғай Қарасу», Байтана батыр көшесі, №77 үй тұрғыны А.Самиева үйіне газ кіргізуге көмек сұраған. Нәтижесінде газдандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшылығына тиісті өтініш жеткізіліп, газ кіргізу ақысын бөліп төлеуге келісілген.
2. «Қарасу» шағын ауданы, №20 үйдің тұрғыны А.Мешитбаева қызының денсаулығына байланысты мүгедектікке шыға алмай жүргені бойынша қайырылған болатын. Осыған байланысты емханада дәрігерлер кеңесі ұйымдастырылып, тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, науқасқа «үшінші топтағы мүгедек бала» анықтамасы берілді.
✅Шаһар басшысы өткен жылы 1 178 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаса, алқаптарда 9 рет тұрғындармен кездесті. 9 округте халық алдындағы есеп беру кездесулері өтті. 14 жеке қабылдау өтті.
Просьбы жителей не остаются без внимания
🔰За три месяца текущего года аким города Тараза Бакытжан Орынбеков провел 16 приемов граждан, в ходе которых принял 148 жителей города по личным вопросам.
🔷На встрече с главой города граждане поднимали в основном вопросы, связанные с недвижимостью, социальной помощью, трудоустройством, освещением улиц, общественным транспортом, детскими площадками, ремонтом многоквартирных домов и другие.
🔷К примеру, жительница массива «Шалгай Карасу» А. Самиева, проживающая по улице Байтана батыра, 77, попросила помощи в проведении газа к ее дому, поскольку не может сразу выплатить полную суму подрядчикам за эту работу. Акимат обратился к руководителю подрядной организации с просьбой оказать содействие гражданке. Подрядчик согласился принять от А. Самиевой оплату за оказанную услугу в рассрочку.
Жительница микрорайона «Карасу» (дом №20) А. Мешитбаева попросила оказать содействие в назначении инвалидности для дочери в связи с ухудшимся состоянием здоровья. По просьбе акимата города был созван консилиум врачей, проведены соответствующие обследования пациентки. В итоге ей была назначена третья группа инвалидности.
✅За прошлый год аким города принял 1178 граждан по личным вопросам, провел 9 встреч с жителями массивов, в девяти территориальных округах провел отчетные встречи, по итогам которых также состоялся прием граждан по личным вопросам.