Ота жасалған сәтте 4 сағат бойы гитара ойнаған

Мексиканың Наярит штатында орналасқан Тепик қаласында 55 жастағы музыка пәнінің мұғалімі ми ісігіне қарсы ота жасалған кезде 4 сағат бойы гитарада ойнаған, деп хабарлайды TRT Haber арнасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасаған Asaaqparat.kz

Телеарна ақпаратынша, хирург ота кезінде науқастың есін біліп жатуы маңызды екенін айтқанда, мұғалім сөйлеу және есту сияқты функцияларын қадағалау үшін гитарада ойнағанды ​​жөн көрген. Сонымен қатар отаны жасаған хирург Селия Тереза ​​Альварес науқастың ота кезінде ауыртпалық сезінбегенін, осы әдістің арқасында ол екі аптадан кейін күнделікті жұмысын өз бетімен атқаруға кірісіп кеткенін айтқан. Телеарна мәліметінше, операцияның қиындықсыз өткені және бұл әдістің Наярит провинциясының тарихында алғаш рет қолданылған.

https://www.instagram.com/p/CqW8-e4IEGe/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Leave A Reply

Your email address will not be published.