ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ АППАРАТЫНА ЖАҢА БАСШЫ

Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы М.Шайдаевтың 2023 жылғы 3 сәуірдегі №9 өкімі негізінде аудандық мәслихат аппаратының басшысы болып Спатов Серік Амангелдіұлы тағайындалды.

Спатов Серік Амангелдіұлы 22,05,1984 жылы Жамбыл ауданы Аса ауылында дүниеге келген.

1990 жылы «Бірлесу-Еңбек» орта мектебіне оқуға барған.

1992 жылдан бастап «Жеңістің 30 жылдығы» атындағы орта мектебіне барып, 2000 жылы сол мектепті аяқтаған.

2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Педагогика факультеті «Тарих және География» бөліміне түсіп, 2004 жылы бітірген.

2020-2022 Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқық» мамандығы бойынша аяқтаған.

Әскери шені бойынша аға лейтенант.

Еңбек жолын; 2006 жылы Жамбыл аудандық мәслихат аппаратында маман, бас маман болып бастаған.

2018 жылдың 10 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін аудандық мәслихат аппаратында «Құқық және іс жүргізу бөлімінің» басшысы лауазымында.

2023 жылдың 20 ақпанынан бастап аудандық мәслихат аппаратының басшысының міндетін уақытша атқарған.

Отбасылы 4 ұл-қыз тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.