Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы М.Шайдаевтың 2023 жылғы 3 сәуірдегі №10 өкімі негізінде аудандық мәслихат аппаратының құқық және іс-жүргізу бөлімінің басшысы болып Бөлегенов Әділет Бақытұлы тағайындалды.
Бөлегенов Әділет Бақытұлы 21.05.1991 жылы Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Ә.Тарази орта мектебіне оқуға барған. 2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «экономика және бизнес» мамандығын үздік тәмәмдаған.
Әскери шені/запастағы офицер.
Еңбек жолын Көлқайнар ауылдық округінде жастар тәжірибесімен маман болып бастаған.
Әр жылдары аудандық білім бөлімінде есепші, қаржыгер, экономист, Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған.
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл аудандық мәслихат аппаратының бас маманы қызметін атқарып келеді.
Отбасында 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіруде.
Жамбыл ауданы, Аса ауылы