Зейнеткерлікке шығу үшін зейнет жасын күтудің қажеті жоқ. Кейде төлемдерді ертерек алуға болады, бірақ оның кей кілтипандары бар.
Зейнетақыны ертерек алуға өтініш беру үшін қазақстандықтар зейнетақы аннуитетін пайдалана алады. Бұл азаматтарға зейнетақы жинақтарын өздеріне аудару шарттары бойынша сақтандыру компанияларымен жасалатын арнайы келісім. Бұл жағдайда сақтандыру компаниялары белгіленген ақша сомасын азаматқа өмірінің соңына дейін төлеуге міндеттенеді. Кейде аннуитетті ұрпақтарға да қалдыруға болады. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРҚР) бағдарламаның 2023 жылы белгіленген шарттары туралы айтып берді.
Ертерек зейнетке шығу үшін қанша ақша жинау керек?
2023 жылы мерзімінен бұрын зейнетке шығу үшін қазақстандықтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) белгілі бір соманы жинақтауы қажет.
55 жаста аннуитет алу үшін қазақстандық ер азамат биыл 8 миллион теңге жинауы керек. Әйелдер болса 53 жаста да келісімге қол қоя алады, бірақ ол үшін 10,5 миллион теңге жинауы қажет. Сонымен қатар келісімшарт одан да ертерек жасалған кезде (45 жаста) қазақстандықтар кейінге шегерілген аннуитет алуға өтініш бере алады, бірақ төлемдер тек 55 жастан бастап түсе бастайды.
Алайда БЖЗҚ-да жиналған ақшаның сомасы да мынадай болуға тиіс: ерлерде 7,2 млн теңге жиналу керек; әйелдерде 9,1 млн теңге жиналу керек.
Аннуитеттің қосымша мүмкіндіктері қандай? БЖЗҚ салымшыларының біріккен аннуитетке қол жеткізу мүмкіндігі де бар. Бұл жағдайда ерлі-зайыптылар немесе салымшының жақын туыстары келісімшартқа бірге қатысу үшін жинақтарын біріктіріп, зейнетке ертерек шыға алады.
«Бірлескен аннуитет жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге және аннуитет шарты бойынша кірісті қайта өзара бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы, ерлі-зайыптылардың бірінде өмірді сақтандыру компаниясынан аннуитет сатып алу үшін зейнетақы жинағы жеткіліксіз болып, ал жұбайының зейнетақы қоры екі адамға арналған аннуитет құнын өтеуге жеткілікті болса бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы екеуіне де өмірінің соңына дейін төлемдер түсетін болады», – деп жазылған дереккөзде. Айта кетейік, биыл сақтандыру төлемдерін ұлғайту және мүгедектігі бар адамдар мен зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың жекелеген санаттары үшін зейнетақы аннуитеттерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында кейбір заңнамалық түзетулер қабылданған болатын. Осылайша мысалы, 2023 жылы 55 жастағы ер адамдар үшін зейнетақы аннуитетінің құны 8,0 миллион теңгеден мынадай сомаға дейін төмендейді: 1-топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 2,4 млн теңгеге дейін; 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 3,4 млн теңге дейін; 3-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 4,4 млн теңге дейін; Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін тұлғаларға 5,3 млн теңгеге дейін төмендейді.
asaaqparat.kz