Жәнібек Әлімханұлы шулы мәлімдеме жасады

WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды http://asaaqparat.kz тілшісі.

Бұл туралы отандық былғары қолғап шебері Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «Менде бір титул бар, маған тағы үшеуі керек. Алла қаласа барлық титулды жинайтын боламын», — деді Жәнібек Әлімханұлы. Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер жекпе-жегі 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді. Кездесуде отандық былғары қолғап шебері WBO чемпиондық атағын екінші рет қорғайды. Жәнібектің келесі қарсыласы кәсіпқой рингте 32 жекпе-жек өткізген.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.