Қазақ файтері, ережесіз жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Америкадағы ең беделді лига — UFC-мен келісімшарт жасасты. Енді ол әлем үздіктерімен бірге сынға түседі. Осы орайда, спортшы өзіне үлкен жауапкершілік алғанын айтты, деп жазады http://asaaqparat.kz.
Алмабаев желідегі парақшасында жанкүйерлерге арнап жазба қалдырды. «Осыдан 10 жыл бұрын мен базарда жұмыс істегенмін. Мұны көбіңіз жақсы білесіздер! Содан бері UFC-ден көрінетініме еш күмәнім болмады! Альхамдулилла, міне, бүгін әлемдегі ең мықты промоушенмен келісім-шартқа қол қойып отырмын. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік, аянбай тер төгіп елімнің абыройын арттырып , биік белестерден көрінуге тырысамын. Ең бастысы барлық уақытта менімен бірге болып, қолдап дұғада болыңыздар, мен үшін ол өте маңызды. Отбасыма мың алғыс! Осы жолда маған сенім артқан барлық жанға рахметім шексіз!», — деп жазды Асу Алмабаев.