Кезінде Раиммен бірге дуэт орындаған Артур Давлетьяров тойға шығатын гонорарының қанша екенін мәлім етті, деп жазады «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасағанhttp://asaaqparat.kz
«1,5 млн теңге. Бүкіл әнді айтамыз. Дуэттегі әннің бәрін айтамыз. Біздің дуэтімізде той әндері болмады», — Артур Давлетьяров. Сонымен қатар әнші Раиммен бөлініп кеткенін, алайда болашақта бірге ән айтуға мүмкіндік болып жатса, қарсы болмайтынын жеткізді. «Раиммен дуэт болмайды. Қазір бөлініп кеттік, бірге емеспіз. Болашақта сондай мүмкіндік болып жатса, мен қарсы емеспін», — деді Артур Давлетьяров. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Артур Раим мен Еркенің қарым-қатынасы жайлы бар шындықты ашып айтқан болатын.