Танымал блогер Айжан Байзақова өзінің Instagram парақшасында көпшілікке алғаш рет күйеуін көрсетті, деп хабарлайды http://asaaqparat.kz KAZ.NUR.KZ ке сілтеме жасап.
Айжан Байзақова осы күнге дейін күйеуінің фотосын ешкімге көрсетпей келген. Алайда жақында блогер жан жарының түрін өз желі парақшасында жария етуді ұйғарды.
Күйеуімнің фотосын пайдаланып, хайп жасауға тырыспаған адам қалмаған болар. Менен басқасының барлығы бәрін көріп, таратып, жария етті. Негізі біреуді жасырсаң, қызығушылық арта түседі. Сондықтан қызығушылықты бәсеңдететін кез келді… Біз де қарапайым адамбыз», — деп жазды танымал блогер.
Желі қолданушыларының басым бөлігі Айжанға ақ тілегін жаудырды: «Бақытты болыңдар», «Күйеуі сымбатты екен, бақытты бол», «Махаббат бәрін өзгертеді. Әйел сүйген адамының қолында құлпыра түсетінінің нағыз үлгісі», «Бәрі оған әйелі сұлу деп қызығушылықпен қарайтын. Ал енді мен күйеуіне қызығушылықпен қарап отырмын. Балалары да сүйкімді болады меніңше», — деп жазған пікір қалдырушар.
Еске салсақ, Айжан Байзақованың тойы өткен жылдың 22 қазан күні өткен еді. Ерлі-зайыптылар көп ұзамай Мальдив аралдарына бал айына аттанып, блогер демалысынан суреттерді жария еткен болатын. Ол бал айында күйеуінің 100 мың теңгеге алып берген таңғы асын көрсеткен. Байзақова желідегі жазбаларының бірінде күйеуімен алғаш қалай танысқанын да айтап берген. «Бізді караокеде таныстырды. Ол өте тұйық болатын. Мен оның болашақ күйеуім болатынын ойлаған да емеспін. Тіпті сол күні ол менің құрбыма ұнаған болатын. Оның да, менің де басым бос болғандықтан, ол «Жүр, тамақтанып қайтайық» деді. Біз еш жасандылықсыз, достар секілді сөйлесетінбіз. Мен кімнің маған көңіл білдіріп жүргенін айтатынмын. Ол да қыздары жайлы айтты. Мүмкін, осы шынайылығымыз бізді байланыстырған шығар», — деп еске алды Байзақова.