Трамп «үшінші дүниежүзілік соғыс» туралы күтпеген мәлімдеме жасады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жаһандық қақтығыс туралы жазба жариялады, — деп хабарлайды http://asaaqparat.kz  Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Қысқа хабарлама 9 сәуірде пайда болды.

«Үшінші дүниежүзілік соғыс», — деп жазды Трамп. Ол өз ойына қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.

АҚШ-тың бұрынғы басшысы үшінші дүниежүзілік соғыстың басталатынын бірнеше рет болжаған. Осылайша, 6 сәуірде Трамп Мар-а-Лаго резиденциясынан үндеу айтып, оның елі «тозаққа» бара жатқанын айтты. Ол Джо Байден әкімшілігінің басшылығымен үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.