ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕЗІНДЕГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі.

Өткен жылыту маусымы кезеңінде өткен жылы Жалпақтөбе ауылында тұрғын үй секторында ауа сорғыш ақауынан улы газ үй ішіне тарап нәтижесінде улы газбен уланудан 8 адам жарақат алды.

Жылу беру кезеңінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Жамбыл ауданы ТЖ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ газ жүйелері қызметтерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйге комиссиялық баруды бастады (жылыту жүйелері мен электр жабдықтарының жай-күйі), газ жабдығының дұрыс пайдаланылатынын, қауіпсіздік техникасын (мөржені тазалау) түсіндіреді.

Айта кетейін, тұрғын үйді тексеру кезінде қажет болған жағдайда улы газ датчиктері орнатылады.

Осы бағыт бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жамбыл аудандық ТЖ қызметі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.