Облыстық маңызы бар жол ретке келтірілуде

Бүгінде жол жөндеу жұмыстары аймақта жүргізілуде.

Мердігер «Тараз-КөлікЖолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жылдан өтпелі облыстық маңызы бар «Тоғызкент-Досбол-Шығанақ» автомобиль жолының 20-42 шақырымдарын орта жөндеу нысаны бойынша жол-жөндеу жұмыстары жалғасуда. Дәлірек айтсақ, аталған автожол бөлігінде жол негізін суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы салу жұмыстары аяқталып, асфальтбетонды жол жамылғысын төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Келісім-шартқа сәйкес нысанды пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың 25 маусымына белгіленген. Дегенмен, жұмыстарды 5 мамырға дейін толық аяқтап, нысанды мерзімінен бұрын пайдалануға беру көзделіп отыр.

Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.