Бүгін аудандық мәслихат депутаты Эльмира Бегалиева Бектөбе ауылының тұрғындарымен жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында жергілікті жұртшылық жер, газ, электр желілері және тұрғын үй салуға қатысты мәселелерін айтып келген болатын.
Осындай сан түрлі мәселенің мән-жайымен танысқан халық қалаулысы Эльмира Рүстемқызы, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Серік Спатов, ауыл әкімі Ғамзат Сағымбеков тұрғындардың сауалдарына тұщымды жауап беріп, алдағы уақытта оңды шешім шығаруға жұмыс жасайтынын жеткізді.
Өз кезегінде қараша халық халық қалаулысына сеніп білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.