Жастарға қолдаулар жайын түсіндірді

Бектөбе ауылдық Мәдениет үйінде аудан әкімінің салалық орынбасарларының және әлеуметтік сала басшыларының қатысуымен 14-35 жас аралығында жастармен кездесу ұйымдастырылды.
Басқосуда аудан әкімінің орынбасарлары Ербол Жиенқұлов, Олжас Баққараев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мадияр Сәмбетов, округ әкімі Ғамзат Сағымбеков жастарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы көрсетіліп жатқан қолдауларды тілге тиек етіп, әлеуметтік көмектер туралы айтты. Қазіргі кезде жастардың кәсіппен айналысуына мүмкіндігі бар екендігін, қажетті жағдай жасалып жатқанын, бизнес идеяларды жүзеге асыруға қолдау көрсетілетінін, бұл ретте мүмкіндікті тиімді пайдалану керектігін жеткізді.
Соңынан спикерлер жастардың жеңілдікпен тұрғын үй алу, жеңілдетілген пайызбен несие алу, субсидия турасында қойған сұрақтарына жауап қайтарып, пайдалы кеңестер берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.