Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің аудандарға жұмыс сапары жалғасуда. Бүгін басқарма басшысы «Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекттік мекемесіне барып, орталықтағы иппотерапия алаңының жұмысын көріп, ішкі жұмыс тәртібімен танысты.
Сонымен қатар спорт залға жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарындағы кемшіліктерді жедел реттеу керектігін орталық директоры Клара Балтабайқызына тапсырып, олқылықтарды мердігер өкілінің назарына жеткізу қажеттігін алға тартты.