Ақбұлымдықтардың өтініші орындалды
Қала маңында орналасқан Ақбұлым елді мекенінің тұрғындары аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының жергілікті жұртшылықпен кездесуінде бірқатар бауын тапса, байламын таппай жүрген түйінді мәселелелерді айтып, шешілуі жолдарын қарастыруын өтінген болатын. Соның бірі Бесбаев 1,2,3 көшесінің бүгінгі жай-күйі еді. Жаңбырлы күні лай, аптап ыстықта шаңы көтерілетін көшелер асфальтталса деген ақбұлымдықтардың сұранысы назарға алынды.
Аудан басшысы аудандық бюджеттен қаржы қарастырса, ұзындығы 1,6, ені 5 метрді құрайтын көшеге жөндеу жұмыстары басталды.
Сөзден-іске келер болсақ, Ақбұлым ауылдық округінің әкімі Ердос Бейсеновтің айтуынша, бүгінде «Тараз Прогрес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асфальттау жұмыстарын жүргізуде. Талаптардың сақталуы мен сапасы округ әкімінің тікелей бақылауында болса керек.
Ауыл азаматтары бұл жұмыстарға алғысын айтып, ризашылықтарын білдіруде