Айлардың сұлтаны – Рамазан айында ауызашар беру үлкен сауапты іс саналады.
Жолда кетіп бара жатып, кез келген аузы берік адамға бір дана құрма немесе сумен болса да ауызашар беру – сауапқа кенелетін жақсы амал.
Бүгін аудандық мәслихаттың төрағасы Мұхтар Шайдаев бастаған депутаттар ауыл жамағатын Рамазан айымен құттықтап, келер жылы да осындай он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айына аман-есен жетулеріне тілек білдірді.
Ауызашарға қариялар, ауыз бекіткен жандар мен Аса ауылының тұрғындары келіп, әркез елге жанашыр болып жүретін аудан депутаттарына ризашылықтарын жеткізді.
«Он бір айым бір төбе, бұл бір айым бір төбе» дегендей, ауыз бекітудің адам денсаулығы мен жан дүниесінің жаңаруына пайдасы зор екендігін айтқан аудандық мешіттің бас имамы Ғарифолла Әмірбеков қасиетті айда ауызашар ұйымдастырған аудандық мәслихат аппараты мен халық қалаулыларына ризашылығын білдірді.
Ауызашар соңында Құран оқылып, дұға жасалды.
Жамбыл ауданы, Аса ауылы