Бүгін Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Бақытжан Наметулла Қаракемер ауылында азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келуші ауыл тұрғындары О.Ибрагимов, Н.Өмірзақова әлеуметтік, қоғамдық (оның ішінде шашылған қоқыс алаңы, құйындатып қатты жүретін көліктерге тоқтау болатын камера) сынды мәселелерін ортаға салып оң шешуге ат салысуды сұрады.
Мәслихат депутаты келушілерге денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық тақырыптар бойынша сұрақтарына түсіндірме беріп, депутаттық сауал жолдап, шешілуіне ықпал жасайтындығын жеткізді.
Қабылдау барысында халық сайлаған депутатпен бірге аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Әділет Бөлегенов, бас маман Дәнегүл Абдуалиева бірге жүрді.