Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Емдеу жолдары
Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз.Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз. Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол беру қажет.Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн. Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.Егер баланың іші өтсе, регидрационды су беріңіз.
Алдын алу
Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар үйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 14 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. Қазіргі таңда 9 айдан 12 айға дейінгі балалар қызылшаға қарсы егіледі.Сәуір айының 23- 29 күндері аралығында Қызылшаға қарсы Европалық иммундау апталығы жүргізіледі. Жамбыл ауданы тұрғындарын Жамбыл аудандық орталық емханаға келіп Қызылшаға қарсы екпе алуға шақырамыз.Бұл бізді аурудан қорғаудың бірден-бір жолы.
Ж.Тотаева,
иммунолог дәрігері.