Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының @erlan_qydyralyuly төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте көктемгі санитарлық-тазалық, абаттандыру жұмыстарының барысы туралы аудан әкімдігі тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаев баяндама жасады.
Баяндамашының айтуынша, ауданда 6 рет сенбілік өткізілген тазалық жұмыстарына 9200 адам қатысқан.
Жалпы аудан бойынша елді мекендерге кіреберіс автомобиль жолдары бойындағы ағаш көшеттері әктеліп, 3000 дана тал көшеттері отырғызылып, (Аса, Тастөбе, Жалпақтөбе, Өрнек, Айшабибі, Ш.Ниязбеков ауылдары) 450 шаршы метр көгалдар орналастырылды. 85 шақырымнан аса арық және каналдар тазаланды. 415 шақырым көшелерді тазалау жұмыстары жүргізіліп, 18 000 шаршы метр саябақтарды, скверлерді тазалау және көріктендіру жұмыстары, 300 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды. 600 тонна кездейсоқ күл-қоқыс орындары шығарылды.
Аудан көлемінде көктемгі екі айлық тазалық айлығы жарияланған уақыттан бастап, барлық ауылдық округтерде сенбіліктер ұйымдастырылып, елді мекендердің ішкі көшелерін, ауылдардың айналасын күл қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 23-24 наурыз аралығында бөлім тарапынан ауылдық елді мекендердің тазалық мәселесіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық жерлерде 44 стихиялық жағдайға айналған кеткен күл-қоқыстар анықталды.
Орын алған стихиялық күл-қоқыс орындарын жою қажеттілігі туралы ауылдық округ әкімдеріне хат жолданған.
Анықталған 44 стихиялық күл-қоқыстардың, 30 орны жойылған ал, жойылмаған 14 орын бүгінгі таңда әлі күнге дейін бірқатар ауылдарда мүлдем тазаланбаған.
Жиында Ерлан Қыдыралыұлы бірқатар тазалыққа селсоқ қараған ауылдық округтерден түсініктемелер алып, жою бойынша мерзім берді.
Сондай-ақ аудан басшысы егілген көшеттерді суару бойынша зерделеу жүргізетінін айтты.