Көптен бері Жалпақтөбе ауылы тұрғындары тарапынан көтеріліп келген Абдуллаев, Мадажын, Жамалов көшелерін асфальттау қажеттігі өз шешімін тапты.
Ауылдықтар аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен өткен кездесулерде осы мәселені алға тартып, асфальттау қажеттігін жеткізген болатын.
Сөзден-іске келер болсақ, бүгінде аталған көшелерге жол жабындысы төселуде.
Жұмыстар ауыл әкімі Ержан Данаевтың бақылауында.
Жалпақтөбеліктер халық ұсынысы назарға алынып, жұмыстар жасалып жатқанына алғыстарын білдіруде