Әскери сала мамандарына құрмет көрсетілді

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мамыр 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай әскери сала мамандарын қабылдап құрмет көрсетті.

— Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және өшпес ерліктің мерекесі – Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс күні – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған

қастерлі мереке. Қаншама уақыт өтсе де, бұл күн тарих төрінен орын алатын ұлы мереке болып қала береді. Отан қорғаудағы ата-әкелердің ерлігі мен қаhармандығын бүгінде бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешіп жатқан ұрпақ ұмытпаса керек.Бүгінгідей қастерлі күнде баршаңызға зор денсаулық, отбасының амандығы мен

берекесін тілейміз. Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздік пен азаттықтың

туы әрқашан желбіреп тұрсын деп тілейік. Егемен еліміз өсіп-өркендей берсін, — деген Ерлан Қыдыралыұлы Райхан Жанжаловаға, Мұхтар Ахаевқа, Нұрсұлтан Патшабековке, Әмірхан Қыпшақбаевқа, Асылан Жексенбинге, Айдын Ташметовке Алғыс хатын табыстап, құрмет көрсетті.

 

Өз кезегінде құрметке бөленген азаматтар елеп-ескерген аудан басшыларына алғысын білдірсе, аудан өнерпаздары ән шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.