Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Ұлы Отан соғысының ардагері Датай Тұрсынбаевтің жұбайы, Қаракемер ауылының тұрғыны Ұлбосын Тұрсынбаеваны мерекемен құттықтап, ерлердің ерлігі ешқашан ұмылмайтынын айтып, кейуананың иығына ақ орамал жауып, сый-сияпат табыс етті.
Бүгінде 79 жасқа келген әженің кіндігінен өріген 7 баланың қатары 18 немереге, 4 шөбереге жетіп отыр.
Құттықтауға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев және аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев қатысты.
Өз кезегінде елеп-ескерген басшыларға әже ақ батасын берді