Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тыл еңбеккері 87 жасқа келген Ақатай Балқыбековтің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.
Бүгінде 5 ұл-қызының қатары 17 немереге жеткен қария еңбек ер атандыратынын айтып, еңбек жолындағы естелігімен бөлісті
Құттықтауға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев және аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев қатысты.
Өз кезегінде елеп-ескерген басшыларға ақсақал ақ батасын берді