Аудандық мәслихаттың төрағасы Мұхтар Шайдаев пен депутат Алтай Стамқұлов Айшабибі ауылындағы бірқатар нысандарды аралады
Әуелі Мұхтар Бекзатұлы мен Алтай Әбдіжапарұлы жол бойында соғылып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің қазіргі жайын көрді.
Бұдан кейін халық қалаулылары ауылдық ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелерімен су мұнарасына жол тартып, 1000 текше метр жиналатын судың тазалығына көз жеткізіп, су сорғылардың жұмыс істеу барысын көріп қайтты.
Сонымен қатар Мұхтар Бекзатұлы Бошақай каналын ретке келтіру, жол белгілері мен жүргінші жолақтарын жүргізу, 2011 жылдан бері соғылған мұнараны тазалау сияқты мәселелер бойынша комиссия құрамын бекітіп, зерделеу жұмыстарын жүргізетіндігін жеткізді.