ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТТЫ
2023 жылдың 5 айында Жамбыл ауданында жалпы шығарылған өнім көлемі 41 млрд. 645,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 128,9%-ды құрады (2022ж – 32 млрд. 290 млн. теңге). 2023 жылдың 5 айында өнеркәсіп саласында 11 млрд. 238,5 млн.теңгеге өнім өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 136,7%-ды құрады (2022ж – 8 млрд. 215,9 млн. теңге). Нақты индекс көлемі 101,3% болды.
2023 жылдың 5 айына шаруа қожалықтар 324,4 млн. теңгеге 37 дана ауыл шаруашылық техникалары алынды. Оның ішінде лизинг жүйесімен – 268,0 млн. теңгеге 23 дана (6 дана трактор, 17 дана басқа техникалар) алынса, өз қаражаттары есебінен барлығы 211,8 млн. теңгеге 51 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды (9 дана трактор, 42 дана басқа техникалар).
Аудан бойынша барлығы 79 жылыжай тіркелген. Жалпы аумағы 9,12 га. Есепті жылы жұмыс істеп тұрған жылыжайлар саны – 19. Жұмыс істеп тұрған аумағы – 3,2 га. Жұмыс жасайтын жылыжайлардың 17 фермелік, 2 өнеркәсіптікте қияр дақылы отырғызылып, 36 тонна өнім жиналып, нарықтық бағамен өткерілуде. Өнім — белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, тағы басқа өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім.