КӘСІОРЫНДАР ӨНІМІ ҰЛҒАЮДА
Жамыл ауданының құрылысы кез келген ортаға қолайлы. Зауыт салса да, егістікпен айналысса да барлығы қолжетімді өңірлер қатарына жатады. Мқнда кәсіпорындар да жетерлікү соның арқасында өнім көлемі артып, жұмыссыздық деңгейіде төмендеп келеді. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-де 5 млрд. 633 млн. теңгеге (37 мың тонна) гипс өнімдері өндірілді немесе 71,8%-ды құрады (2022 ж – 7 млрд 843,2 млн. теңгеге 53,4 мың тонна).
«Кнауф Гипс Тараз» ЖШС-де 413,2 млн. теңгеге (203,2 мың тонна) гипс өнімдері өндірілді немесе 76,4%-ды құрады (2022 ж – 540,2 млн. теңгеге 260,5 мың тонна).
«Бином» ЖШС-гі 141,3 млн. теңгеге (13,2 мың тонна) темірбетон бұйымдарын шығарды немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 132,0%-ға орындалды (2022 ж– 107,0 млн. теңгеге 10,2 мың тонна).
«Суперфарм» ЖШС-гі 716,4 млн. теңгеге (12,3 млн дана) матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар шығарды немесе 158,8%-ды құрады (2022 ж – 451,0 млн. теңгеге 10,4 млн дана).
«КазУпакТрейд» ЖШС-де 74,8 млн. теңгеге (8,0 мың тонна) гипс өнімдері өндірілді немесе 109,8%-ды құрады (2022 ж– 68,1 млн. теңгеге 6,4мың тонна).
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді.