ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА 3289 АГРОҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА 3289 АГРОҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Жамбыл ауданында барлығы 3289 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 4 өндірістік кооператив, 35 ауылшаруашылық кооперативі және 3 250 шаруа қожалықтары бар. 2023 жылдың 5 айына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 9 млрд. 141,8 млн.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 75,9 %-ды құрады (2022ж– 12 млрд. 031,8 млн. теңге).

Өсімдік шаруашылығы бойынша 390,1 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 74,1%-ды құрады (2022 ж –526,1 млн.теңге). Нақты көлем индексі 100,0%-ға жетті.

Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 8 млрд. 594,5 млн. теңгені құрады немесе 75,4%-ға орындалды (2022 ж – 11 млрд. 390,8 млн. теңге). Нақты көлем индексі 97,6%-ға жетті. Ауданда 113 көкөніс сақтау қоймасы бар.Аудан бойынша барлығы 113 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс істейді. Жалпы алаңы 42,4 мың шаршы метр, сақтаудың жоғарғы қуаты 37829 тонна (оның 66-ның мұздатқышы бар). Бүгінгі таңда сақтауда 660 тонна сәбіз бар.

2023 жылдың 5 айына шаруа қожалықтар 324,4 млн. теңгеге 37 дана ауыл шаруашылық техникалары алынды. Оның ішінде лизинг жүйесімен – 268,0 млн. теңгеге 23 дана (6 дана трактор, 17 дана басқа техникалар) алынса, өз қаражаттары есебінен барлығы 211,8 млн. теңгеге 51 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды (9 дана трактор, 42 дана басқа техникалар).

Жалпы бұл салаға үлкен басымдылық берілуде. Тұрғындар да аман ағысына сай бейімделуде

Leave A Reply

Your email address will not be published.