БИЫЛ 88 КӨШЕ АСФАЛЬТТАНАДЫ

БИЫЛ 88 КӨШЕ АСФАЛЬТТАНАДЫ

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 321,6 шақырымды құрайды. Атап айтқанда: республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 72 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 85,7 шақырым, аудандық маңызы бар жолдардың жалпы саны 35 ұзындығы 163,9 шақырым.

Елді мекендердегі көшелер саны – 539, ұзындығы – 427 шақырым. Оның 274 шқ асфальтті төсем, 152,4 шқ шағалды төсем. 2023 жылы аудандық маңызы бар 4 жолға (10,6 шқ) 351,2 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Бесағаш кіре берісі, Қызылқайнар – Жасөркен, Қапал –Бесжылдық. Қөлқайнар кіре берісі). Жалпы аудан бойынша 427 шқ. құрайтын 537 ауыл ішілік көшелер бар. Оның 260 көшенің 239,8 шқ. немесе 56,0%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2023 жылы 30 елді мекеннің жалпы ұзындығы 75,6 шқ. 88 ауыл ішілік көше жолдары жөнделуде (1 641,5 млн.). 2023 жылдың 5 айына «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 220,7 млн. теңгеге 7 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 7 жоба пайыздық ставканы субсидиялау (216,0 млн.), 1 жоба банктік кредиттері бойынша кепілдік беру (4,7 млн.). Сондай-ақ 2023 жылға аудандық бюджеттен елді мекендердің санитариясын камтамасыз ету мақсатында 4 млн. 413,0 мың теңге ТҮКШЖҚжәнеАЖ бөлімі арқылы жанар-жағар май сатып алуға бөлінді. Ал, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 238 млн. 295 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы – 53 млн. теңге, округтерге – 184 млн. теңге). Оның ішінде, «Ауыл ел бесігі» жобасымен 6 елді мекеннің жалпы ұзындығы 36,4 шқ 37 ауыл ішілік көшесі (727,4 млн.) аудандық бюджет есебінен 22 елді мекеннің 49 көше – 759,1 млн. теңге (33,7 шқ.), облыстық бюджет есебінен 2 елді мекеннің 2 көшесі – 155 млн. теңге (5,4 шқ.).

Leave A Reply

Your email address will not be published.