БАҒДАРЛАМАЛАР ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

БАҒДАРЛАМАЛАР ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

Мемлекеттік, салалық және өңірлік аймақтық бағдармалар аясында 2023 жылы 4331 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, нақты 2468 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 56,9%-ға орындалуда.

Жобаның қатысушылары техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша облыстық бюджеттен 30,7 млн. теңге 80 адамды оқыту жоспарланды.

114 адамға 157,3 млн. теңге көлемінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (400 АЕК) беру жоспарланды. Бүгінгі таңда мемлекеттік грантқа үміткер болу үшін enbek.kz порталы арқылы business.enbek платформасында онлайн форматта 218 азаматтардың өтініштері келіп түсті. 28 азамат комиссия отырысынан оң қорытындысын алды. Қазіргі таңда 28 адамға 38 млн. 640 мың теңгеге қайтарымсыз грант қаражаты игерілді.

Сондай-ақ, Бастау бизнес жобасы аясында 325 адамды оқыту жоспарланып, «Бастау бизнес жобасы»кәсіпкерлік негіздерін оқуға enbek.kz порталы арқылы enbek.skills платформасында онлайн форматта 536 адам тіркеліп, 431 адам оқуын аяқтап, сертификат алды.

Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар аясында жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарына тарту мақсатында 2023 жылы 1 420,7 млн. теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 3 868 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде нақты 1 842адам орналасты. Атап айтқанда:

әлеуметтік жұмыс орындарына 85 адам (жоспар – 75 адам);

жастар тәжірибесі бойынша 70 адам (жоспар – 296 адам);

ақылы қоғамдық жұмыстарға 1138 адам (жоспар – 1140 адам);

«алғашқы жұмыс орны» — 28 адам (жоспар – 51 адам);

тұрақты жұмысқа – 454 адам (жоспар – 2 241 адам).

күміс жас — 65 адам (жоспар –63 адам).

ұрпақтар сабақтастығы — 2 адам (жоспар – 2 адам).

Leave A Reply

Your email address will not be published.