36 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

36 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ
Денсаулық сақтау саласында 36 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 98 дәрігерлер мен 467 орта буындағы медицина қызметкерлері бар.
2023 жылы 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 6,7 промильді құрады (2022 ж– 7,9 промиль). 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 15 промильді құрады (2022ж –1,7 промиль).
2023 жылдың 5 айына ана өлімі тіркелген жоқ. Нәресте өлімі бойынша орын алған жоқ (2022 ж– 3 жағдай).
2022 жылы 16 адам туберкулезбен ауырды. 1000 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандар көрсеткішінің коэффиценті 18,3 промильді құрады (2022ж 8,5 промиль).
Сонымен қатар, 2023 жылдың 5 айына 100 мың адамға шаққанда қатерлі ісік аурулары коэффициенті 41,1ні (2022 ж– 32,9), қан айналымы ауруының көрсеткіші 338,1 (2022 ж– 703,1), наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіші 10,0-ді құрап (2022ж– 7,2), жүйкесі сыр бергендердің көрсеткіші 15,7 (2022ж–12,6).
«Дені саудың – тәні сау» деп бекерден-бекер айтылмаған. Дені сау ұлттың болашағы баянды, денсаулығы мықты болады. Бұл өз кезегінде ұрпақтың келешегіне де үлкен әсерін тигізеді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдегі денсаулық сақтау саласына айрықша тоқталған болатын. Ел Президенті денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілгенін, дегенмен, әлі де кешенді жұмыстар қажет екенін, жылдар бойы қордаланған түйткілдер кезең-кезеңімен жүйелі жолға қойылып келе жатқанын айтып өтті. Әрине, тұрғындардың денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру ортақ міндет болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар өңіріміз де мықтап қолға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.