АУДАНДА 16498 ОҚУШЫ 11-СЫНЫПТЫ АЯҚТАДЫ
Мектепке алғаш аяқ басқаннан кейін оған бауыр басып қалатын жағдайлар бар. Жалпы Жамбыл ауданында 2022-2023 оқу жылын аудан бойынша 16498 оқушы аяқтады. Оның ішінде 11-сыныпты 816 оқушы бітіріп, олардың 568-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. 19 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне, 58 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Бүгін Сіздердің құтханаларыңыздан шыққан түлектің 3-уі үздік аттестатқа үміткер, 20 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ. Өткен оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастыруда ерекшеліктер болды. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда 36 оқу аптасын құрады. Оқу жылының аяқталуы 25 мамырдан 31 мамырға ауыстырылды. Үлгілік оқу жоспарындағы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде – «Букварь», «Обучение грамоте» және «Қазақ тілі» пәндері оқытылды. Білім берудегі басты нысан – сапа. Мемлекет тарапынан сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен «2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу» жөніндегі Жол картасына ауданда 8 мектеп құрылысы енгізілді. 2022 жылы Айшабибі ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Шоқай ауылында 150 орындық мектеп құрылысы аяқталмақ. 2024 жылы тозығы жетке 3 мектептің, 2025 жылы тағы 3 мектептің құрылысын бітіру жоспарланып отыр. 2023-2025 жыл аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы тізіміне Шайқорық ауылында 600 орындық мектеп құрылысы енгізіліп отыр. 2023 жылы облыстық бюджеттен 13 мектепке 18 млн. 396 мың теңге ағымды жөндеуге бөлінді. Биылғы оқу жылында 3828 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды. Жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушылары толық тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Жазда оқушылардың демалысын ұйымдастыру мақсатында 2372 баланы мектеп жанындағы лагерьге және 350 баланы қала маңындағы лагерьге жіберу жоспарланды. Жазғы сауықтыру жұмыстарына бюджеттен 25 млн 437 мың теңге бөлінді.