Құрметті қызмет алушылар!
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінде елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді қабылдау аяқталады.
Осыған байланысты, азаматтарға қызмет алу қолайлы болу үшін автокөлікті заңдастыруға болатын еліміздің МХҚО-лары күшейтілген жұмыс режиміне ауысады. Олар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00–ден 19:00–ге дейін (құжаттарды беру — 20:30-ға дейін), сенбі күні — 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру-19:30-ға дейін) қабылдайды.
Айта кетейік, бұл жұмыс кестесі автокөліктерді заңдастыруға ғана қатысты. Жүргізуші куәлігі әдеттегі кесте бойынша беріледі.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтінімдер талаптарға сәйкес қаралатын болады.