Жамбыл ауданындағы жолдардағы қауіпсіздік жағдайы – басты назарда.
Бүгін аудан орталығы Аса ауылында жолдағы көлік қозғалысын реттеу, жіті қадағалау, көлік жүргізушілеріне ережелер мен жолдағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан іс-шараға куә болдық.
Байқағанымыздай аталған шара аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нүркен Төлеуішовтің қадағалауымен жүзеге асуда.
Жамбыл облысы ПД басшылығының нұсқауын орындау мақсатында Жамбыл ауданы аумағында құқық бұзышылық пен қылмыстардың алдын алу, жол көлік оқиғасын болдырмауға бағытталған локальдік профилактикалык іс-шарасы өткізілді. Іс-шара аясында профилактикалық есепте тұрған 53 тұлға тексеріліп, құжатсыз 2 автокөлік айыптұраққа қойылып, шетелде тіркелген 30 автөкөлік тексеріліп, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, — деді Жамбыл аудандық ПБ бастығының орынбасары Нүркен Төлеуішов.
Аудандық полиция бөлімі өкілдерінің айтуынша, жол қауіпсіздігің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Жамбыл ауданы, Аса ауылы