ТАСТӨБЕГЕ 12 МЛН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН ОЙЫН АЛАҢШАСЫН САЛҒАН КІМ?

«Жомарт түлек» жобасы аясында Тастөбелік кәсіпкер Мейрамхан Нұрбаев өз қаражаты есебінен Тастөбе ауылына құны 12 млн теңгені құрайтын ойын алаңын салып берді деп хабарлайды asaaqparat.kz

Кәсіпкердің айтуынша, мұнда балалар үшін сырғанақ, әткеншек сияқты ойын жабдықтары мен әртүрлі спорт құрылғылары орнатылған.

Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына мол мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Қ.Қырықбаев көшесінің бойынан салынған жаңа балалар ойын алаңының ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова тұрғындардың қуанышымен бөлісіп, игілікті іске ұйытқы болған жеке кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Мұнан соң, ауыл ақсақалы Оңдасын Үкібасов ауыл тұрғындарының атынан жомарт жанға жылы лебізін білдіріп, аудан әкімінің орынбасарымен бірге салтанатты түрде ойын алаңшасының лентасын қиды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.