Бүгін «АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізбі
Қабылдауға келген Байзақ ауданы, Бурыл ауылының тұрғыны ауыл тұрғындары атынан өтінішін білдірді. Айтуынша, ауылдағы Байзақ Датқа көшесінің жөндеу жұмыстары басталып, құрылысы ұзаққа созылып, пайдалануға әлі күнге берілмеген.
Мұрат Құттыбайұлы тиісті мекемелермен жедел байланыс орнатып, мәселені анықтады. Жөнделіп жатқан көшенің жалпы ұзындығы 780 метрді құрайды, бүгінде жолдың негізін салу жұмыстары толық аяқталып, мердігер анықталған. Ресми жұмыс 10 шілдеде басталып, жобаны іске асыру мерзімі 1,5 айға жоспарланған.
Алайда мердігер жұмысты мерзімінен бұрын аяқтауға уәде беріп отыр.