І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ФОРУМЫ: НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

Бүгін Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында І Халықаралық медиа және туризм форумы басталды деп хабарлайды asaaqparat.kz.

Айтулы шараны Түркітілдес журналистер қоры мен Алматы облысының әкімдігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп ұйымдастыруда.

Форумға Түркия, Ұлыбритания, Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Молдова, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан сияқты 15 елден 200-ден астам адам, оның ішінде шетелдік және қазақстандық БАҚ басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, журналистер, баспасөз хатшылары, PR-менеджерлер, туризм саласының мамандары қатысуда.

Форум медиа және туризм саласындағы тәжірибе алмасуға ықпал ету және ақпарат кеңістігін дамыту, еліміздегі көрікті жерлер мен тарихи-мәдени орындарды шетелдік және отандық баспасөз өкілдеріне таныстыру, түркітілдес журналистер арасында ынтымақтастық пен әріптестік байланысты арттыру мақсатында өткізілейін деп отыр. Сонымен қатар, халықаралық басқосу медиа және туризм саласында келешегі бар жобаларды құра отырып, оларды ілгерілетуге жол ашу, халықаралық ақпарат кеңістігінде туристік жобаларды танымал ету, жаңа медиа технологияларымен танысу, біліктілікті арттыру, іскерлік ойындар мен шеберлік сабақтары, түрлі ой-талқылар арқылы таным көкжиегін кеңейтуді көздейді.

Айта кетейік, бұған дейін форум аясында Алматы облысының аумағындағы Шарын шатқалы, Көлсай көлі және Түрген сарқырамасына саяхат ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.