Облыстық прокуратурада өткен алқа мәжілісінің отырысына аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов құқық қорғау органдарының және бейнеконференциялық-байланыс арқылы ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің бейіндік комитеттерінің басшылары қатысты деп хабарлайды asaaqparat.kz.
Басқосуда су заңнамасының сақталуына және «Қазсушар» РМК облыстық филиалы қызметінде су шаруашылығын дамытуға бөлінген қаражаттың жұмсалу заңдылығына жүргізілген тексеріс нәтижесі талқыланды.
Алқа мәжілісін жүргізіп отырған облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Қазсушар» РМК филиалының қызметінде жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесін алға тарта отырып, өңірдегі трансшекаралық сумен жабдықтау мәселелерінен бөлек тағы бірқатар өткір сұрақтар бар екендігін атап өтті.
Нақтырақ айтқанда өңірде су шығынының жоғары деңгейі, гидротехникалық құрылыстардың тозуы секілді бірқатар мәселелерге тоқталды.