ОБЛЫС ӘКІМІНЕ ТҰРҒЫНДАР ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕМЕН ҚАЙЫРЫЛДЫ?

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді деп хабарлайды asaaqparat.kz.

Қабылдауға Сарысу, Меркі, Жуалы, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, олар орман шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы бойынша субсидия алу, жер, баспана, жұмысқа орналасу мәселелерін шешіп беруді сұрады.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығу және өзге де мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.