ҚОРДАЙДАҒЫ БИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТТЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫ ҚАЛАЙ?

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Қордай ауданына жұмыс сапары «ОтарБиофарм» ЖШС-нің жұмысымен танысудан басталды деп хабарлайды asaaqparat.kz.

Қазіргі таңда биофармацевтикалық зауыт құрылысының екінші кезеңі жүруде. Ол бойынша Биозауыттың өндірістік қуатын айына 500 мыңнан 2,0 млн. дозаға дейін арттыру көзделген. Соған сәйкес, «Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт базасында субстанциялар өндіру жөніндегі цех» (BSL-3) жобасының құрылысы жүзеге асуда.

Бүгінде өндірістік кесте бойынша инженерлік желілер мен негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Фармакологиялық жабдықтардың 99 пайызы жеткізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.