СҮЙІНШІ, ТАРАЗДАҒЫ ИМАНАЛИЕВ КӨШЕСІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Облыс орталығындағы Оспанәлі Иманалиев атындағы көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды asaaqparat.kz.

Бұған дейін жол жөндеуші мекеме жаяу жүргіншілер жолын ретке келтірген болатын. Бүгін мердігер компания көшеге асфальт төсеу жұмыстарын бастады.

«B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мердігерлігімен қолға алынып жатқан құрылыс жұмыстарының жалпы ұзындығы – 1 шақырым 50 метр. Техникалық қадағалаушы – «ALILFE» ЖШС.

Қазір жол құрылысына 12 техника, 15 жұмысшы тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.